A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ашық есік күні» акциясы

2023 жылдың 27 ақпанында Мемлекеттік архивте «Ашық есік күні» акциясы өтті. Мекеменің құзыретіне жататын түрлі мәселелер бойынша жүгінген азаматтар; «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді беру» мемлекеттік қызметін көрсету мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің негізгі қағидаттары, электрондық қызметтерді ілгерілету және электрондық үкімет порталында мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері, өтініштерді қарау мерзімдері, Мемлекеттік корпорация арқылы архивтік анықтама алу үшін қандай құжаттар қажет және азаматтарды қызықтыратын басқа да бірқатар мәселелер талқыланды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Электрондық үкімет порталы уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді», «архивтік анықтаманы қалай алуға болады» парақшалары таратылды. Архивші Р.Х. Ғаббасова кеңес берді.

Мақаланың шыққан күні: 27.02.2023
Қаралым саны: 2149

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»