A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық есiк күнi

26 қыркүйек күнi мемлекеттiк архивте «Ашық есiк күнi» атты акциясы өттi. Мекеме құзырына жататын түрлi сұрақтар бойынша азаматтар қатысты; «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет бойынша азаматтарға жеке кеңес беру қызметi көрсетiлдi. «Архивтiк анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша ақпараттық — түсiндiрме жұмыстарын: мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаларын, электронды қызметтi және «электронды портал» жүйесi бойынша мемлекеттiк қызметтi алу мүмкiндiктерiн халыққа жариялау, жүгiнiс мерзiмiн қарастыру, Мемлекеттiк корпорация арқылы архивтiк анықтамаларды алу үшiн қандай құжаттар қажет екендiгiн халыққа түсiндiру және тағы басқа туындаған сұрақтарға жауап берiлдi. Келушiлерге мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2018
Қаралым саны: 1607

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»