A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бурабай» үнқағазы беттерімен

«Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында мемлекеттiк архивте аудандық «Бурабай» газетiнiң беттерi бойынша ашық есiк күнi ұйымдастырылды. Аталмыш газет өткен жылы өзiнiң 25-жылдығын атап өткен. Аудандағы мемлекттiк тiлде шығатын қоғамдық- саяси басылым алғаш рет ҚР-ң Тәуелсiздiгiмен тетелес 1993 жылы жарық көрген. Аудан архивiнде «Бурабай» газетi 1999 жылдан бастап сақталған. Егемен елiмiздiң дамуы, жаңа кәсiпорындар мен заман талабына сай ұйыдардың ашылуы, Щучье-Бурабай курорттық аймақ емiмiздiң танымал бiр белгiсiне айналу, жалпы ауданның күнделiктi тыныс-тiршiлiгi — барлыгын газеттен көруге болады. Газет беттерi бойынша ашық есiк күнi көптеген адамдарды қызықтырды. Газетпен аудан тарихын бiлгiсi келген адамдар мен қазақ халық фолклорын ззерттеп жүрген оқу мекемелерiнiң студенттерi жұмыс iстедi.Үлкен қызығушылықпен жастар үнқағаздың беттерiнен туған өлкенiң тарихы туралы бiлдi. Ал өздерi Тәуелсiздiк келген уақытта ауданның дамуына үлес қосқан ересектер газет бетiнде бейнеленген өмiрдi еске алды.

Мақаланың шыққан күні: 05.06.2019
Қаралым саны: 2247

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»