A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар

Мемлекеттiк архивтiң жоғарғы санаттағы архившiсi Бибiгүл Адамбаева «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiнiң мәселелерi бойынша семинар өткiздi. Аталмыш семинар Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерi арасында өттi. ХҚКО қызметкерлерiмен бiрге өтiнiштердi қабылдау, қате жiбермеу және нақты мәлiметтердi талап ету мәселесi қаралды.Сонымен қатар жалпы «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қызмет көрсету тәртiбiмен қатар, бекiтiлген Стандартқа сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi жайлы да мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi «электрондық үкiмет» арқылы алуға болатындығы туралы және азаматтардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмi сұрақтары көтерiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2018
Қаралым саны: 2209

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»