A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен семинар

Ауданның мемлекеттiк архивi «Атамекен» кәсiпкерлер Палатасы филиалының негiзiнде бiлiм және денсаулық сақтау мекемелерiнiң басшыларымен семинар өткiздi. Семинарда құжаттарды қайта өңдеу бойынша Ұлттық архив қорының «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелердегi құжаттарды басқару және құжаттардың үлгi ережесi», мекемелердегi құжаттардың сақталуы мен архивке тапсыру сұрақтары қарастырылды.

Сонымен қатар семинарда бекiтiлген Стандарттарға сәйкес мемлекекттiк қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттар тiзiмi және «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметiн көрсету тәртiбi қарастырылды. «Электрондық үкiмет» порталындағы «Архивтiк анықтамаларды беру» қызметiн алу мүмкiндiгi мен электрондық қызметтiктi насихаттау және азаматтардың үндеулерiн қарастыру мерзiмдерiне ерекше көңiл бөлiндi.

Семинар қатысушыларына «Электрондық портал Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы алу жолы» жадынамалары мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде таратылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017
Қаралым саны: 1632

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»