A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Іс қағаздарын жүргізу бойынша семинар-кеңес

Облыстық сот әкімшілігінің  кеңсе  меңгерушілері, архивариустар және мамандардың  қатысуымен Щучинск қаласында іс қағаздарын жүргізу мәселесі бойынша семинар-кеңес болып өтті. Семинарда іс қағаздарын жүргізу мәселелерінің барлық аспектілері қаралды: тұрақты сақталатын құжаттардың ғылыми-техникалық өңделуі, акт және тізімдемелерді жасау, істерді қалыптастыру және ресімдеу және т.б.

Тұрақты сақталатын істер тізімдемесін бекіту, істерді жою актісін келісу тәртібі туралы ақпаратпен ауданның мемлекеттік архивінің  директоры Ш.Ә. Бостамбаева сөз сөйледі. Барлық рәсімдер «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы құжаттау және құжаттамаларды басқарудың  Типтік ережесіне» сәйкес жүргізілуі тиістігі атап өтілді. Архивариустар мен мамандардың барлық сұрақтарына жауап  пен түсініктемелер берілді. 

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2017
Қаралым саны: 1823

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»