«Ауылдық округтегi архив күнi» акциясы шеңберiнде тағы бiр кездесу Қатаркөл курорттық аймағындағы сауықтыру орталықтары және Қатаркөл, Вишневка, Ключевое ауылы өкiлдерiнiң қатысуымен Қатаркөл селолық округiнде болып өттi. Акция барысында екi оқыту семинары өткiзiлдi: ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн және «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша. Сонымен қатар Ұлттық архив қорын толтыру мәселелерi бойынша кездесулер өткiзiлдi. Акция соңында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Акция барысында Ұлттық архив қорын толықтыру үшiн селолық округ бойынша бекiтiлген мерзiмде сақталынатын iстерден басқа 141 iс «Қатаркөл селолық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-ң, 776 iс ауылшаруашылық колледжiнiң және т.б. тұрақты сақталатын iс тапсырылуы тиiс. Сөз 1985 жылдан бергi құжаттар жөнiнде болып отыр, олар негiзгi қызмет бойынша құжаттар, шешiм, өкiм, жоспар, есептер, шаруашылық кiтаптар және сол сияқты құжаттар.
Архив қоймасының меңгерушiсi Оксана Иванова «ҚР Ұлттық қоры құжаттарының сақталуы мен қалыптастыруы жөнiнде» тақырыбы бойынша ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн оқыту семинарын өткiздi. Селолық округ әкiмi аппаратының және ауылшаруашылық колледжiнiң ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты мамандар үшiн практикалық оқыту да ұйымдастырылды.
Архившi Гүлмира Дюсембаева «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша шақырылған азаматтар үшiн оқыту семинарын өткiздi.
Акция барысында архившiлер Бибiгүл Адамбаева мен Гүлмира Дюсембаева «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша азаматтарға жеке және топтық кеңестер бердi. Кеңес беру барысында ауылдық округтiң тұрғындары қызметтi қалай алуға болады, мемлекеттiк қызметтiң мерзiмi, мұрағаттық анықтамаларды Мемлекеттiк корпорация арқылы, www.egov.kz арқылы алу үшiн қандай құжаттар қажет деген сияқты бiрқатар сұрақтарға жауап алды.
Кеңес алушыларға мемлкеттiк және орыс тiлiндегi «Электронды үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдеуге мүмкiндiк бередi», «Мұрағат анықтамаларын қалай алуға болады» деген жадынамалар таратылды.
Сонымен қатар мемлекеттiк архив директоры Шолпан Бостамбаева «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңына сәйкес Ұлттық архив қорын мемлекеттiк сақтауға фото және басқа да жеке құжаттарды тапсыру арқылы толтыру мәселелерi бойынша бiрқатар кездесулер өткiздi.