A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауданда «Ауылдық округтегі архив күні» атты акциясы басталды

«Ауылдық округтегi архив күнi» акциясы шеңберiнде ең алғашқы кездесу Златополье, Обалы, Савинка ауылы өкiлдерiнiң қатысуымен «Златополье» селолық округiнде болып өттi. Акция барысында ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн оқыту семинары, Ұлттық архив қорын толтыру мәселелерi бойынша кездесулер өткiзiлдi және «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Семинарды «Бурбай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ директоры Шолпан Бостамбаева кездесуге қатысушыларды «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша өтiнiш түрлерiмен қысқаша таныстыра отырып ашты. Ағымдағы жылдың 7 ай iшiнде архив бойынша 1411 өтiнiш қабылданып орындалды, оның iшiнде 498 өтiнiш Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 540 өтiнiш электронды үкiмет порталы арқылы, 271 өтiнiш пошта арқылы Ресей, Белорусь, Украина, Германия, Қырғызстан сияқты елдерден және 102 өтiнiш Қазақстан Республикасы бойынша қабылданып орындалды.

Архившi Виталий Клюкин «Златополье» ауылдық округi мекемелерi мен ұйымдарының құжаттары жағдайымен таныстырды. Ұлттық архив қорын толықтыру үшiн ауылдық округ бойынша бекiтiлген мерзiмде сақталынатын iстерден басқа 180 тұрақты сақталатын iс тапсырылуы тиiс.

Сөз 2000 жылдан бергi құжаттар жөнiнде болып отыр, олар негiзгi қызмет бойынша құжаттар, шешiм, өкiм, жоспар, есептер, шаруашылық кiтаптар және сол сияқты құжаттар.

Архив қоймасының меңгерушiсi Оксана Иванова «ҚР Ұлттық қоры құжаттарының сақталуы мен қалыптастыруы жөнiнде» тақырыбы бойынша ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн оқыту семинарын өткiздi.

Акция барысында архившiлер Виталий Клюкин мен Әлия Джаканова «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша азаматтарға жеке және топтық кеңестер бердi. Кеңес беру барысында ауылдық округтiң тұрғындары қызметтi қалай алуға болады, мемлекеттiк қызметтiң мерзiмi, мұрағаттық анықтамаларды Мемлекеттiк корпорация арқылы, www.egov.kz арқылы алу үшiн қандай құжаттар қажет деген сияқты бiрқатар сұрақтарға жауап алды. Кеңес алушыларға мемлкеттiк және орыс тiлiндегi «Электронды үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдеуге мүмкiндiк бередi», «Мұрағат анықтамаларын қалай алуға болады» деген жадынамалар таратылды.

 

Мақаланың шыққан күні: 21.08.2017
Қаралым саны: 1823

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»