A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архивтер – балалар үшін» экскурсиясы

Ауданның мемлекеттiк архивiнде «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде архив қоймалары бойынша Ұлы Отан соғысының батыры П.И.Морозов атындағы №3 орта мектеп оқушылары үшiн экскурсия өткiзiлдi. Экскурсияның негiзгi мақсаты архив қызметiн жария ету және құжаттық негiздердi оқып бiлуге жастардың қызығушылығын арттыру болды. Экскурсияны архив қоймасының меңгерушiсi Оксана Иванова жүргiздi. Балаларга қысқаша түрде архивтiң пайда болу тарихы мен осы мекеменiң қоғамдағы атқарар ролi жайлы әңгiме айтылды. Архив заманауи ақпараттық әлемде маңызды роль атқарады. Барлық тарихи маңызы бар негiздердi, өткен уақыттың құжаттары мен бiздiң қоғамымыздың заманауи өмiрiн бейнелейтiн құжаттарды, сондай ақ болашақта да жинақталатын құжаттық архивтiк мұраны ұрпақтар үшiн сақтап және оларға жеткiзу — бiздiң архивтiк қызметiмiздiң негiзгi мiндетi, себебi архив және архивтiк құжат өткендi зерттеп бiлудiң негiзгi көзi болып табылады. Жалпы, мемлекеттiк архив қызметiнiң мақсаты тек қана мемлекеттiк қорғау, тұрақты сақтау, архивтiк құжаттарды толықтырулар мен есепке алу ғана емес, сондай ақ архивтiк құжаттарды қоғам мен халықтың игiлiгiне пайдалануды ұйымдастыру болып табылады. Тарихи құжаттар мен көптеген мұқабадағы туған ауданымыздың «барлық өмiрi» оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.11.2017 11:30

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»