A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Елімнің негізгі Заңы

Конституция күнi қарсаңында Бурбай ауданының мемлекеттiк архивiнiң ұжымы «Елiмнiң негiзгi Заңы» тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел» отырысына қатысты. Кездесу аймақтық «Нұр Отан» Партиясы филиалының негiзiнде өттi.

Кездесу модераторлары болып «Нұр Отан» Партиясы аудандык филиалының бiрiншi орынбасары К.К. Өмiртаева мен бастауыш партиялық ұйымның төрайымы, «Бурбай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ директоры Ш.Ә. Бостамбаева сөз сөйледi.

«Дөңгелек үстел» айналасында өткен кездесудiң ең басты тақырыбы елiмiздiң ата заңы, азаматтардың құқығы мен бостандығының кепiлi болатын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылды. 1995 жылы Конституцияны қабылдау Республика мемлекеттiлiгiнiң қалыптасуы мен нығаюында үлкен роль атқарғандығы аталып өтiлдi. Елiмiздiң Конституциясы уақыт сындарынан лайықты түрде, бiздiң қоғамымыздың iлгерiлеу қозғалысы үшiн барлық жағдайды тудыра отырып, өзiнiң өмiршеңдiгiн дәлелдей отырып өттi.

Жиналған партия мүшелерi көптеген пiкiрлерiн ортаға салды. Көпұлтты мемлекетiмiздiң тұрғындарының болашағы , соның iшiнде өзiмiздiң Бурабай ауданының тұрғындарының болашағы, барлық азаматтарды заң алдында теңдiкпен, олардың барлық құқықтармен, азаматтық бейбiтшiлiк және ауызбiршiлiкпен қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Конституциялық құрылымның негiзi халық бiрлiгi, қоғамдық және рухани келiсiм, саяси тұрақтылық қоғамымыздың ерекше құндылығын құрайтыны туралы көп айтылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.08.2017 12:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»