A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан – менің екінші Отаным

Рухани жангыру

Қазақстан — менiң екiншi Отаным

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзiнiң алдына жас ұрпақтың бойында туған жерге деген махаббатты, тарихқа және тарихи-мәдени ескерткiштерге құрметпен қарауды тәрбиелеу мақсатын қояды. Ол жалпыұлттық патриотизм мен туған жерге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананың жаңғыру бағдарламасының негiзгi бөлiгi болып табылады.

Аталған бағдарлама шеңберiнде экология және орман шаруашылық колледжiнде Бурабай ауданы архивiнiң қызметкерлерi «Қазақстан — менiң екiншi отаным» тақырыбында семинар-баяндама өткiздi. Кездесу Қазақстанда 31 мамырда атап өтiлетiн саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қарсаңында өткiзiлдi. Iс-шара құрылыс және экология бөлiмшелерiнiң 1 курс студенттерiнiң арсында өттi.Архив қызметкерлерi Виталий Клюкин мен Әлия Джаканова бұрынғы Кенес Одағы республикаларындағы саяси қуғын- сүргiн туралы, онын мәнi, себептерi мен салдары, жеке тарихи тұлғалар, халықтардың жер аударылуы жөнiнде әңгiме көп айтылды. Бiздiң Республикаға жер аударып келген халықтар такырыбы қозғалды. Ақиқатында Қазақстан, соның iшiнде бiздiң аймақ жүздеген, мыңдаған немiстер мен поляктар, шешендер мен ингуштар үшiн екiншi отан бола алды. Солардың ұрпақтары бүгiнде бiздiң мемлекетiмiздiң қалыптасуы мен өркендеуiне өз үлестерiн қосуда.

Соның жеке мысалы ретiнде ауданымыздың құрметтi азаматы, әйгiлi ғалым, академик, этникалық немiс Эрвин Францевич Госсеннiң өмiрбаяны келтiрiлдi.Студенттер оның ерте жылдары жайлы, отбасының Ставрополья жерiнен Қотыркөл ауылына жер аударылуы жайлы көптеген қызықты деректердi бiлдi. Оның техникумдағы оқуы туралы, болашақ ғалымның ауылшаруашылық ғылымына деген құштарлығы жайында, ғылыми мансабы, жетiстiктерi мен наградалары, соның iшiнде тәуелсiз Қазақстан басшысының қолынан алған наградалары жайлы мол ақпарат ұсынылды.Және студенттер назарына қуғын-сүргiнге ұшыраған Бурабай техникумының бұрынғы ұстаздары туралы жеке iстер, қызметтiк мiнездемелер сияқты құжаттар көрсетiлдi.

Академик Госсеннiң өмiрi мен ғылыми жұмыстары туралы, оның өмiрбаянының негiзгi сәттерiн бейнелейтiн кiтап және фотоқұжаттар көрмесi студенттердiң үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында жастар тарапынан көп сұрақтар қойылып, кездесу өскелең ұрпақ үшiн өте табысты өттi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.06.2018 11:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»