A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бурабай ауданы мемлекеттік архивінің 2018 жылдың 9 айына арналған жұмыс жоспарын орындау туралы ЕСЕБІ

2018 жылдың 9 айда 1348 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылды.

Щучинск қаласының индустриалды-педогогикалық техникумының 1954-1978 жылдардағы 184 сақтау бiрлiгi, Щучинск құс фабрикасының 1962-1994 жылдардағы 142 сақтау бiрлiгi, «Агротрейд» ЖШС-нiң 1994-2008 жылдардағы 11 сақтау бiрлiктерi, Борабай-курорт станциасы ауруханасының 1970-1996 жылдардағы 40 сақтау бiрлiктерi, Бурабай кентi әкiм аппаратының 117 сақтау бiрлiктерi, аудан әкiмi аппартының 460 сақтау бiрлiктерi,Щучинск қаласы әкiмi аппаратының 1990-2006 жылдарындағы 284 сақтау бiрлiктерi, Қатаркөл зооветтехникумының 1948-1984 жылдардағы 110 сақтау бiрлiктерi өңделдi.

Щучинск құс фабрикасының, «Агротрейд» ЖШС-нiң, Щучинск қаласының индустриалды-педогогикалық техникумының, Бурабай кентi әкiмi аппаратының, Аушахманов К.А. фото құжаттарының iс тiзiмдемелерi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен бекiтiмiнен өткiзiлдi.

Солтүстiк-Қазақстан геологиялық-iздеу партиясының 1955-1989 жылдардағы 110 сақтау бiрлiктерi, Щучинск ауданының жөндеу кәсiпорны техникалық және агрохимиялық қызмет көрсету «Бурабай» комбинатының 1990-1996 жылдардағы 15 сақтау бiрлiгi, ЖҚБ ЖББ-1 120 сақтау бiрлiктерi, аудан маслихатының 1994-2003 жылдардағы 105 сақтау бiрлiктерi, ҚР қаржы және дамыту министiрлiгi қаржы комитетiнiң аймақтық департаментi Республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң 2009-2018 жылдардағы 65 сақтау бiрлiгi, Бурабай ауданы мемлекеттiк кiрiстер басқармасының 2000-2013 жылдардағы 115 сақтау бiрлiгi мемлекеттiк сақтауға қабылданды. Сондай ақ, ауданның ардақты тұрғындары Курманов Қайырлы Хамзинұлының және Аушахманов Кенжеболат Аушахманұлының фотоқұжаттары «Ардагерлер кеңесi» қорын толықтырды.

10000 сақтау бiрлiгi картондалды, iс-жүргiзу бойынша — 11, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша — 13 семинар, «Архив кеңес бередi» — 13, «Ашық есiктер күнi» — 3 акция өткiзiлдi, архив құжаттары бойынша 17 мақала жарық көрдi, көрме — 9, дөңгелек үстел — 9, және 7 — экскурсия өткiзiлдi.

Мекемелерге, ұйымдарға және кәсiпорындарға iс номенклатурасын, ведомствалық архивтерде ережелердi әзiрлеуде үнемi тәжiрибелiк көмектер көрсетiлiп отырады, сонымен қатар 2018 жылдың 9 айында 28 iс номенклатурасы және 5 ережелер жетiлдiрiлiп келiсiлдi.

Келiп түскен арыздар мерзiмiнде орындалды. Барлығы 2018 жылы 9 айдың iшiнде 1923 өтiнiш келiп түстi, оның iшiндегi әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы өтiнiштер саны  — 1875, 46 — тақырыптық, 2 — генеологиялық өтiнiштер. Өтiнiштердiң 57 % оң шешiлдi.

Директор Ш. Бостамбаева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.01.2019 15:08

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»