A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасының Алғашқы Елбасы күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы

ҚР алғашқы Елбасы Нұрсултан Әбiшұлы Назарбаев жаңа тәуелсiз мемлекетiмiздiң негiзiн салушысы болып табылады. Қазақстан парламентiнiң сенаты «ҚР мерекелерi туралы» заң жобасына 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Алғашқы Елбасы күнi тойланады деп шештi. Алғашқы Елбасының жетiстiктерi халықтың сенiмi мен зор құрметi тудырады.

Нұрсултан Назарбаев елiмiздiң әлеуметтiк және құқықтық, зайырлы, демократикалық мемлекет ретiнде қалыптасуына, егемендiк Қазақстанның гүлденуiне және өркендеуiне баға жетпес үлес қосқан, қазақстандық мемлекеттiң құрылуының бастауында тұрған тұлға болып болып табылады. 25 жыл бойы Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан әлемдiк алаңда жоғарғы нәтижелерге қол жеткiздi.

Азаматтардың әл-ауқатының өсуi және әлемдiк алаңда танылған, экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы, саяси тұрақтылық, бiздiң республикамыздың қазiргi жетiстiктерi — бұл тәуелсiздiк таңында бiздiң Елбасымызбен белгiленген барлық қазақстандықтардың жасаған еңбегiнiң, ұлтымыздың басымдылығының жүзеге асырылуының нәтижесi.

Бурабай ауданының мемлекеттiк архивiнде 2016 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Алғашқы Елбасы күнiне арналған iс-шаралар өткiзiлдi.

Мемлекеттiк архив қызметкерлерiмен ашық есiк күнi өткiзiлдi, онда әр келушi Елбасының өмiрбаянына, еңбек жолына, өмiрлiк көзқарасары мен құштарлықтарына, кәсiптiк қалыптасуына арналған фотодеректi көрменi көруге мүмкiндiгi болды.

«Елбасы жолы» фильмi көрсетiлдi. Бұл киноэпопеяда басты қахарманның студенттiк жылдардағы өмiрi туралы, елiмiздiң тарихы аясындағы басты оқиғалардың маңызды кезеңдерiнiң қалыптасуы туралы айтылады.

   


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.12.2016 11:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»