Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2020 жылғы 1 маусымда № 20790 болып тiркелдi
"Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив iсi және құжаттама департаментi заңнамада белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген iс- шаралар орындалғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.