A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жемқорлыққа қарсы күрес насихаты бойынша

Мемлекеттiк архивте «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үгiт –насихат аппараттық сабағы өткiзiлдi. Сабақтың мақсаты «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетуде жемқорлыққа қарсы үгiт –насихат жүргiзу болып табылады. Аппараттық сабақты мемлекеттiк архив директоры Ш.Ә. Бостамбаева жүргiздi.

Күн тәртiбi мәселесi бойынша бүгiнгi таңда Қазақстанда «Қазақстан-2050» стратегиясында» жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттiк мәртебе берiлгендiгi: мемлекетiмiздiң жаңа саясатының бағыты мемлекет пен қоғам бiртұтас болып жемқорлыққа қарсы тұруы керектiгi анық атап өтiлдi. Жемқорлық — тек қана заң бұзушылық емес. Ол мемлекеттiң тиiмдiлiгiне нұқсан келтiредi, және ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп-қатер болып келедi. Тәртiп пен жемқорлықтың алдын алу — жемқорлыққа қарсы iс-әрекеттiң негiзi болып табылады. «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметiн көрсетуде өзiмiзге де жемқорлыққа қарсы күрес саясатын ұстанып және насихаттауға тиiспiз.

Сондай- ақ архивтiк анықтамаларды рәсiмдеуде арты жемқорлыққа апарып соғатындай қателiктер мен дәлдiксiздiктердi болдырмау үшiн аса мұқият болуымыз қажет екенi туралы басыңқы айтылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.10.2017 11:30

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»