A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауданның құрметті азаматтарына арналады

Мемлекеттiк архив «Туған жер» бағдарламасы шеңберiнде «Бурабай ауданының құрметтi азаматтары» атты көрме ұйымдастырды. Жерлестерiмiз — Бурабай ауданының құрметтi азаматтарының өмiрi мен атқарған қызметтерi туралы әңгiмелейтiн буклеттер мен фотоқұжаттар, сондай-ақ олардың өздерiнiң қолымен жазылған кiтаптар мен кiтапшалар ұсынылды. Көрме орман шаруашылығы мен ауылшаруашылық ғылымына және елiмiздiң денсаулық сақтау саласында көн жылдар еңбек еткен; сонымен қатар өзiмiздiң өлкемiзде мәдениет, бiлiм, ауылшаруашылық, өнеркәсiп саласының өркендеуiне үлкен үлестерiн қосқан азаматтар туралы көрермендер бiле алды. Олар — академиктер, ғылым докторлары Эрвин Францевич Госсен және Болат Мәжитұлы Мұқанов, құрметтi дәрiгер Қайырлы Хамзаұлы Құрманов, ақын, ауданның ақсақалдар Кеңесiнiң төрағасы Кенжеболат Аушахманұлы Аушахманов, отақты мұғалiм Бағила Батырғалиқызы Қасенова, «Луч» газетiнiң тұрақты редакторы Степан Акимович Авдеюк, еңбек ардагерлерi Нұрсеит Рахымжанұлы Қасенов және Михаил Карпович Шматков (қазiрде марқұм болған).

«Бурабай ауданының құрметтi азаматтары» көрмесiне еңбек ардагерлерi, еңбек ұжым өкiлдерi мен № 3 орта мектебiнiң оқушылары шақырылды. Көрме аға буынның ғана емес, туған өлкесiнiң тарихы мен туған елi үшiн жанқиярлық еңбек еткен адамдар жайлы барынша көбiрек бiлгiсi келетiн оқушылардың да үлкен қызығушылығын туғызды.

  


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.10.2017 17:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»