A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Өлке тарихы – ел тарихы» фотокөрмесі

Ақмола облысы архивтер және құжаттамалар басқармасы ұйытқы болған «Өлке тарихы — ел тарихы» атты жылжымалы фотоқұжаттар көрмесi аудандық Мәдениет үйiнде өттi.Көрменiң ашылуында сөз Щучинск қаласының әкiмi Б. С. Махметов және мемлекеттiк архив директоры Ш.Ә. Бостамбаеваға берiлдi. Көрме эстафетасын Бұланды ауданы мемлекеттiк архив директоры Б.Т. Кажаканов Бурабай ауданы мемлекеттiк архив директорына табыс еттi. Сонымен қатар көрменiң тұсауын кесу рәсiмiн Щучинск қаласының әкiмi Б. С. Махметов және ауданның Құрметтi азаматы, «Арман» орталығы жанындағы өлкетану мұражайының директоры Б.Б. Қасеновалар өткiздi. Көрмеде экскурсоводтар болып облыстық архив қызметкерлерi Д.Е.Айтхожина, Т.А.Уалиев және аудандық архив архивисi В.Д.Клюкин жұмыс iстедi.

Көрменi ауданның Құрметтi азаматтары, еңбек ардагерлерi, аудандық мәслихат депутаттары, мекемелер мен ұйым, селолық округтар, жастар мен қоғамдық ұйымлар өкiлдерi, барлығы 200-ден астам азамат тамашалай алды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.08.2018 09:55

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»