A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Туған жер» бағдарламасы Қазақстан – менің екінші Отаным

«Туған жер» бағдарламасы өзiнiң алдына жас ұрпақтың бойында туған жерге деген махаббатты, тарихқа және тарихи-мәдени ескерткiштерге құрметпен қарауды тәрбиелеу мақсатын қояды. Ол жалпыұлттық патриотизм мен туған жерге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананың жаңғыру бағдарламасының негiзгi бөлiгi болып табылады.

Аталған бағдарлама шеңберiнде педагогикалық колледжде Бурабай ауданы архивiнiң қызметкерлерi «Қазақстан — менiң екiншi отаным» тақырыбында семинар-баяндама өткiздi. Кездесу Қазақстанда 31 мамырда атап өтiлетiн саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қарсаңында өткiзiлдi. Iс-шара мектеп бөлiмi студенттерiнiң арсында өттi.Архив қызметкерлерi Виталий Клюкин мен Оксана Иванова бұрынғы Совет Одағы республикаларындағы саяси қуғын- сүргiн туралы, онын мәнi, себептерi мен салдары, жеке тарихи тұлғалар, халықтардың жер аударылуы жөнiнде әңгiме көп айтылды. Бiздiң Республикаға жер аударып келген халықтар такырыбы қозғалды. Ақиқатында Қазақстан, соның iшiнде бiздiң аймақ жүздеген, мыңдаған немiстер мен поляктар, шешендер мен ингуштар үшiн екiншi отан бола алды. Солардың ұрпақтары бүгiнде бiздiң мемлекетiмiздiң қалыптасуы мен өркендеуiне өз үлестерiн қосуда.

Соның жеке мысалы ретiнде ауданымыздың құрметтi азаматы, әйгiлi ғалым, академик, этникалық немiс Эрвин Францевич Госсеннiң өмiрбаяны келтiрiлдi.Студенттер оның ерте жылдары жайлы, отбасының Ставрополья жерiнен Қотыркөл ауылына жер аударылуы жайлы көптеген қызықты деректердi бiлдi. Оның техникумдағы оқуы туралы, болашақ ғалымның ауылшаруашылық ғылымына деген құштарлығы жайында, ғылыми мансабы, жетiстiктерi мен наградалары, соның iшiнде тәуелсiз Қазақстан басшысының қолынан алған наградалары жайлы мол ақпарат ұсынылды.

Эрвина Францевичтiң өмiрi мен ғылыми жұмыстары туралы, оның өмiрбаянының негiзгi сәттерiн бейнелейтiн кiтап және фотоқұжаттар көрмесi студенттердiң үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында жастар тарапынан көп сұрақтар қойылып, оған толық жауаптар берiлдi.

Д. Нұртазина                                                       «Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ қызметкерi


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.06.2017 10:47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»