A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аудан газетіне- ширек ғасыр

Рухани жангыру

Президенттiң «Болашаққабағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында модернизациялаудың басты негiзiнiң бiрi болып өз елiнiң туған жерiне, тiлiне, салт пен ғұрып арқылы мәдениет пен жеке ұлттық мәдени кодын сақтау белгiленген. Ауданда бұл жұмысты «Бурабай» аудандық газетi атқарып келедi. Мемлекеттiк архив «Бурабай» қоғамдық-саяси газетiнiң 25 жылдығына орай көрме ұйымдастырды. Көрмеге 1993 жылғы мемлекеттiк тiлде газет құру жөнiндегi Щучье қалалық және аудандық әкiмшiлiктерiнiң, халық депутаттарының қалалық және аудандық Кеңестерiнiң бiрiккен қаулысы сияқты тарихи құжаттар; газет редакциясы ұжымына берiлген наградалар; әр жылдары газет редакциясы ұжымының күнделiктi тiршiлiгi туралы жазылған мақалалары бар облыс көпшiлiгiне белгiлi жазушы және журналист Шаймұрат Тнымбаевтың кiтаптары қойылды. Тарихи экскурс ретiнде 25 жылдың iшiнде жарық көрiп, оқырмандардың көңiлiнен шыққан газеттiң ең қызықты номерлерi көрсетiлдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.01.2018 14:46

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»