A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Рухани жангыру: Халық жадында-2

Еңбектегi ерег ерлiгiмен, әдебиет, өнер т.б. салалардағы жетiстiгiмен, сондай-ақ туған өлкенiң даңқын асқақтатқан Щучье ауданының жеке тұлғаларын қысқаша баяндаудың өзiне бiр кiтап қажет. Бiрақ осы жарқын тағдырларды қысқаша баяндаумен шектелуге мәжбүрмiз. Олардың арасында тарихи тұлғалар, кеңес дәуiрiнiң және қазiргi кезеңнiң замандастары бар.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847), Қасым сұлтанның ұлы, Абылай ханның немересi, Орта жүз ханы және қазақ сұлтаны. Көкшетау өңiрi Бурабай тауының маңында дүниеге келген. Ол мемлекет қайраткерi, қолбасшы болды, сонымен қатар 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық күрестi басқарды. Қазақ хандығының соңғы ханы (1841-1847). Кенесарының саяси көзқарасы Ресей империясы қазақ даласына терең ене бастаған уақытта, яғни XIX ғасырдың 1-жартысындағы қиын-қыстау кезеңде қалыптасты. Ресейдiң отарлау саясаты қазақтардың жаппай қарсылығын туғызды. Кенесары Ресей әкiмшiлiгi жойып жiберген хан билiгiн қалпына келтiруге және оны Қасымовтар әулетiне өткiзуге талпынды. Кенесары батыр әскерiнiң негiзiн оның жақын туыстары (қарындасы Бопай, Наурызбай батыр, Қасымның екiншi әйелiнен туған кiшi iнiсi) құраса, ал қарулы күштерi рулас батырлардан құралды. 1841 жылы қазақ жүздерi өкiлдерi мен сұлтандарының жиынында Кенесары Қасымұлы хан болып сайланды. 1837-46 жылдары Кенесары хан бастаған қазақтар көтерiлiсi Ресей империясының отарлау саясатына, Қоқан және Хиуа хандықтарының басқыншылығына қарсы күрес жүргiздi. Ол қазақтардың туған жерiнiң аймақтық бiртұтастығын сақтау және мелекет құру жолындағы ұлт-азаттық қозғалыс болды. Кенесары батырдың күресi, оның халыққа деген сүйеспеншiлiгi, қолбасшылық өнерi, саясаткерлiгi XIX ғасырдың өзiнде-ақ қолдау тапты.

Наурызбай батыр (1822-1847), батыр, сұлтан, Кенесарының туған iнiсi және серiктесi. Наурызбай Науан орыс, қоқан әскерлерiмен болған жорықтарда қазақтардың намысын қолдай бермей, ерекше ерлiк көрсеттi әрi Кенесары батырға адал болды. Жаулары арасында батырдың ерлiгi мен күшi туралы даңқ кеңiнен таралды. Наурызбай батыр көзсiз ер болған. Әрi сұлтан, әрi батыр Наурызбай туралы аңыз, ән, дастандар оның тiрi кезеңде-ақ кең таралды, Қазақ хандығының тәуелсiздiгi үшiн күресi жырларға арқау болды. Наурызбай батырдың әскерi алдыңғы шептi құрады әрi өте жауапты шайқастарға жiберiлдi. Наурызбай Кенесарының жақын серiктесi болды, бiрге өмiр сүрiп, қатар шайқасты. Қазақ халқының қос батырына сәтсiздiк пен жеңiлiс қатар келiп, екеуi де қырғыз манаптары қолынан қаза тапты.

Бiржан сал, Бiржан Қожағұлұлы (1834-1897), белгiлi әншi, ақын сазгер. Талантты да сазгер әншi ел арасында әншiлiгiмен көзге түсiп, бiрқатар сазды-поэтикалық шығармалар жазды. Ауылдарды аралап, той, мерекелер көркi болды. Сазгер және әншi өзiнiң маңына талантты жастарды жинап, театр құрды. Оның шығармаларында махаббат, достық, ғашықтық тақырыбы басым болды. Оған «Айтбай», «Ғашығым», «Ләйлiм шырақ», т.б. сыршылдығымен, сезiм шынайлығымен және тереңдiгiмен, поэтикалық ырғақ тазалығымен ерекшеленетiн шығармалары дәлел. Қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, бай-манаптардың өктемдiгiн батыл сынады. «Жанбота», «Адасқақ» және басқа да жырларына ашу-ыза мен батылдық тән. Ақын өмiрiнiң соңғы жылдарында жазылған «Жамбас сипар» және «Темiртас» өлеңдерi қайғы-шерге толы. Бiржан салдың 40-тан астам жырлары, оның iшiнде «Алтын балдақ», «Жаймашуақ» және «Бұрылтай», т.б. алтын қорға енген әндер. Бiржан сал суырып салма айтыс ақыны болды. Оның алыс Жетiсуға арнайы келiп Сара Тастанбекқызымен өткiзген айтысы осы жанрдың классикасына айналды. Бiржан сал өз шығармасында музыкалық, ақындық, драмалық өнердiң барлық түрлерiн бiрiктiре бiлдi. Петропавл, Тайынша және Қояндыдағы мереке, жәрменкелер оның қатысуынсыз өтпейтiн. Ол Қазақстанның солтүстiгiнде көптеген шәкiрттерi мен iзбасарларын қалдырды. Бiржан салдың халық арасында кең тараған өлеңдерi осы заманғы сазгер, әдебиеттанушы мен фольклортанушылар үшiн ғылыми-зерттеу еңбекке айналды.

«Таңғажайып өлке Бурабай» кiтабынан
Алматы, 2009


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.04.2018 16:26

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»