A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Іс қағаздарын жүргізу сұрақтары бойынша семинар

Мемлекеттiк архив «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Бурабай ауданы бөлiмшесi филиалының  — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы Департаментi негiзiнде семинар өткiздi. Ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттардың жою актiлерi және архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК ескертулерiн жою бойынша қолданылатын iс шаралар туралы ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.

«Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ архив қоймасының меңгерушiсi О.Иванова ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттарды жою актiсiнiң ретi бойынша: ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттар актiсiн дұрыс толтыру («қолы» деректемесiн, СК ұйымдарының келiсiлген белгiсiн ресiмдеу, СК жою актiсiмен келiсу туралы хаттамасының нөмiрi мен күнiн қою, датаны ауызша-сандық жолмен жазуды қолдану) жөнiнде түсiнiктеме бердi. Ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттардың жою актiлерiн жасаған кезде Типтiк ережелердi басшылыққа алу керектiгiне баса назар аударылды. Ортаға салған мәселе бойынша қызықтыратын сұрақтарға жауап берiлдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.10.2017 11:11

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»