A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

«Архив iсi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрiнiң2015 жылғы 17 сәуiрдегi
№ 138 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Архив iсi саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2015 жылғы 17 сәуiрдегi № 138 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11086 болып тiркелген, 2015 жылы 29 мамырда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мына:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтi күзiндiлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес«Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлсiн.»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Архивтiк анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

көрсетiлгенстандарттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру»мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;

1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Осы «Архивтiк анықтамалар, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн немесе архивтiк үзiндiлер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлендi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi «Қазақстан Республикасының Ұлттық архивi» республикалық мемлекеттiк мекемесi, орталық мемлекеттiк архивтер, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк архивтерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) құжаттар Мемлекеттiк корпорациядан көрсетiлетiн қызметтi берушiге келiп түскен сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнгенде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi 11 (он бiр) жұмыс күнi iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, және (немесе) уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болғанда көрсетiлетiн қызметтi берушi кейiннен көрсетiлетiн қызметтi алушыны Мемлекеттiк копорация немесе портал арқылы мерзiмдi ұзарту туралы 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде хабардар ете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсыру үшiн барынша рұқсат етiлетiнкүту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша рұқсат етiлетiнуақыты — 20 (жиырма) минут.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi –Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығыменбекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18392 болып тiркелген,Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтiк құжаттарды мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердiң жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезiнде ресiмделетiн (жасалатын) құжаттар нысандарына(бұдан әрi — Нысандар)50-қосымшаға сәйкес нысандағы әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi растау туралы архивтiк анықтама не архивтiк құжаттың көшiрмесiнемесе Нысандарға51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтiк үзiндi,немесе сұратылған мәлiметтердiң көрсетiлетiн қызметтi берушiде сақтауда болмауы туралы жауап не стандарттың 10-1-тармағымен көзделген негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны –қағаз немесе электрондық түрде.

Порталда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» жолданады.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу орны мен күнi көрсетiлген хабарлама жолданады.»;

8-тармақтың 1) тармақшасымынадай редакцияда жазылсын:

«1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн;»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады) және өкiлеттiгiн растайтын құжат — заңды тұлға үшiн не нотариалды куәландырылған сенiмхат — жеке тұлға үшiн (уәкiлеттi өкiлi жүгiнген кезде);

стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш. Сұратылатын мәлiметтердi растайтын құжаттар бар болған жағдайда өтiнiшке олардың көшiрмелерi қоса берiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармақшада көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды;

2) портал арқылы:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен немесе бiр реттiк паролiн енгiзу көмегiмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Сұратылатын мәлiметтердi растайтын құжаттар бар болған жағдайда, өтiнiшке олардың электрондық көшiрмелерi қоса берiледi.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн алатын күнi, уақыты мен орны көрсетiлген хабарлама жолданады.»;

10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10-1. Көрсетiлетiн қызметтi көрсетушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден мынадай негiздерде бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту себебiн жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының қайта жүгiнуiне болады.»;

11-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, не Министрлiк басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.»;

стандартқа 1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

стандартқа 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Архивтiк анықтамалар,
архивтiк құжаттардың көшiрмелерiн
немесе архивтiк үзiндiлер беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметстандартына
2-қосымша»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке тұлға үшiн — өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн), заңды тұлға үшiн — құрылтай құжаттың көшiрмесi;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 қаулысымен бекiтiлген Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру қағидаларына (бұдан әрi — Қаулы) 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тiзбесi;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2019 жылғы12 наурыздағы № 62 бұйрығыменбекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18392 болып тiркелген,Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтiк құжаттарды мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердiң жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезiнде ресiмделетiн (жасалатын) құжаттар нысандарына(бұдан әрi — Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшiрмелерiнiң бар болуы туралы мемлекеттiк архивтiң анықтамасы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде бар мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармақшада көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды;

2) портал арқылы:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) немесе бiр реттiк паролiн енгiзу көмегiмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

құжаттың электрондық көшiрмесi нысанындағы Қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ұлттық архив қорының мемлекеттiк меншiктегi құжаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкету құқығына рұқсат сұратылған құжаттардың тiзбесi;

Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы сұратылған құжаттардың сақтандыру көшiрмелерiнiң бар болуы туралы мемлекеттiк архивтiң электрондық архивтiк анықтамасы немесе архивтiк анықтаманың электрондық көшiрмесi.

Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» жүзеге асырылады.

Портал арқылы жүгiнген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы қызмет алушының жүгiну тарихындағы «жеке кабинетiнде» мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн алу күнiн көрсете отырып, хабарлама көрiнедi.»;

11-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, не Министрлiк басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға және архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында:

көрсетiлгенстандарттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Осы «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамаларға, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiне немесе архивтiк үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (бұдан әрi — стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiмен (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрлендi.»;

4-тармақмынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттiк корпорация бөлiмшелерi үшiн — 3 (үш) жұмыс күнi;

2) басқа өңiрлердiң Мемлекеттiк корпорация бөлiмшелерi үшiн — пошталық жөнелтiлiмдердi ескере отырып 10 (он) жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

3) порталда — 3 (үш) жұмыс күнi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi өткенге дейiн бiр тәулiктен кешiктiрмей жеткiзудi қамтамасыз етедi;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушының Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын Мемлекеттiк корпорацияға тапсыру үшiн барынша жол берiлетiн күту уақыты — 15 (он бес) минут;

5) Мемлекеттiк корпорацияда көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң барынша жол берiлетiн уақыты — 20 (жиырма) минут.»;

6-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi — «Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы24 сәуiрдегi № 545 қаулысына қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк архивтерiнен шығатын және шетелге жiберiлетiн архивтiк анықтамалардағы, архивтiк құжаттардың көшiрмелерiндегi немесе архивтiк үзiндiлердегi апостиль мөртаңбасы, не стандарттың 10-тармағымен көзделген негiздемелер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 609-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк бажды төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 50 (елу) пайызын құрайтын мемлекеттiк баж алынады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк баж банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленедi, олармен мемлекеттiк бюджетке мемлекеттiк баж төленгенi туралы құжат (төлем кұны мен күнiн растайтын түбiртек немесе төлем тапсырмасы) берiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық сұрау салу портал арқылы берiлген жағдайда, төлеу «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

Құжаттарға апостиль қою үшiн төлем жасау реквизиттерi:Нұр-Сұлтан қаласы бойынша салық комитетiнiң Есiл ауданы бойынша салық басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық комитетi, БСН 081240013779, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ24070105 KSN0000000, КНП 979, КБК 108125.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не оның уәкiлеттi өкiлi: өкiлеттiлiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенiмхат бойынша — жеке тұлға) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

жеке тұлға үшiн — көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн), заңды тұлға үшiн — құрылтай құжаттың көшiрмесi;

стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтiнiш;

апостиль мөртаңбасын қоюды қажет ететiн мемлекеттiк архивпен берiлген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2019 жылғы 12 наурыздағы № 62 бұйрығыменбекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18392 болып тiркелген, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтiк құжаттарды мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердiң жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану кезiнде ресiмделетiн (жасалатын) құжаттар нысандарына (бұдан әрi — Нысандар) 50-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтiк анықтама немесе архивтiк құжаттың көшiрмесi немесе Нысандарға 51-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтiк үзiндi;

бюджетке мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәлiметтердi Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы тармақшада көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен бекiтiлген, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13248 болып тiркелген, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметi қағидаларына сәйкес Мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сол күнi бередi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы қолхатта көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнбеген жағдайда, талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiге тапсырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi талап етiлмеген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн 1 (бiр) жыл бойы сақтауды қамтамасыз етедi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi берушiде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн сақтау мерзiмi iшiнде жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорация көрсетiлетiн қызметтi берушiге мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру туралы сұраныс жолдайды. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк корпорациядан сұраныс келiп түскен күннен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Мемлекеттiк корпорацияға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн жолдайды;

2) портал арқылы:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) немесе бiр реттiк паролiн енгiзу көмегiмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

мемлекеттiк архивпен берiлген Нысандарға 50-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтiк анықтама немесеархивтiк анықтаманың электрондық көшiрмесi, архивтiк құжаттың электрондық көшiрмесi не Нысандарға51-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық архивтiк үзiндi немесе архивтiк үзiндiнiң электрондық көшiрмесi;

бюджетке мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайдан басқа).

Портал арқылы жүгiнген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесiн алатын күнi, уақыты мен орны көрсетiлген хабарлама жолданады.»;

11-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, не Министрлiк басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8-үй, «Министрлiктер үйi» ғимараты, № 15 кiреберiс мекенжайына берiледi.»;

стандартқа1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк архивтерiнен шығатын
және шетелге жiберiлетiн архивтiк
анықтамаларға, архивтiк құжаттардың
көшiрмелерiне немесе архивтiк
үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметстандартына
1-қосымша»;

стандартқа 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк архивтерiнен шығатын
және шетелге жiберiлетiн архивтiк
анықтамаларға, архивтiк құжаттардың
көшiрмелерiне немесе архивтiк
үзiндiлерге апостиль қою» мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметстандартына
2-қосымша».

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив iсi және құжаттама департаментi заңнамада белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның электронды түрде қазақ және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгiзу үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберiлуiн;

3) осы бұйрық қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрықта көзделген iс-шаралар орындалғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Заң қызметi департаментiне iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрi                                                                                  А. Мұхамедиұлы

Жүктеу (DOCX 106 Kb)


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.03.2020 17:48

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»