A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттiк архив тарихи-өлкетану мұражайында «Барлығы майдан үшiн, барлығы Жеңiс үшiн» атты тақырыпта көрме ұйымдастырды. Көрме Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 73 жылдығына арналды. Оған соғыс ардагерлерiнiң жауынгерлiк ерлiгi мен бейбiт кезiндегi еңбектерi туралы айтатын фотокұжаттар мен буклеттер қойылды. Құжаттар Жакупов К.Ж., Потюпкин А.Г., Ерғосаев Н.Е., Шкригунов А.П., Ураев М.А., Мартемьянов Н.Ф. есiмдi офицерлер, сержант және қатардағы жауынгерлердiң өмiрiне арналды. Сонымен қатар тарихи құжаттарға сүйене отырып, «Барлығы майдан үшiн, барлығы Жеңiс үшiн» атты ұран ең басты ұран болып табылған уақытта Щучье ауданы еңбеккерлерiнiң жеңiске қосқан үлесi туралы да айтылды. Аудан тұрғындары мен өскелең ұрпақты ардагерлердiң өмiрбаяны, жауынгерлiк ерлiктерi және еңбек жолымен таныстыру; жауынгерлiк еңбектерi үшiн құрмет пен мадақтама сезiмiн ұялату және туған жерге деген патриоттық сезiм — отансуйгiштiк тұрғыда тәрбие беру көрменiң мақсаты болып табылды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.05.2018 12:37

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»