A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауданның 90-жылдығына арналған көрме

Мемлекеттiк архивте жеке тектiк құжаттар бойынша ауданның 90-жылдығына арналған фотоқұжаттар мен буклеттер көрмесi ұйымдастырылды.Көрмеде аудан мен аймаққа белгiлi педагогтар Н.Ә.Шакиев пен М.К.Шматковтың өмiрбаяны мен атқарған еңбектерi туралы айтылды. Н.Ә.Шакиев бiр ауданда 50 жыл еңбек еткен: орта қазақ мектеп-интернат директоры, Щучье қалалық, кейiн аудандық халыққа бiлiм беру бөлiмiнiң меңгерушiсi, СПТУ-40 директоры.

М.К. Шматков еңбек жолын жұмысшыдан бастап, Щучье қалалық еңбеккерлер депутаттары Кеңесi атқару комитетi торағасына дейiн жеткен. Ол Қазақстан КП Красноармейский аудандық комитетi аппаратында жұмыс iстеген, Алматы жоғарғы партия мектебiнiң тыңдаушысы, Щучье қалалық еңбеккерлер депутаттары Кеңесi атқару комитетi торағасына лауазымына сайланған, кейiн Щучье қалалық әкiмдiгi басшысының орынбасары, «Мечта» балалар сауықтыру орталығының директоры.

Белгiлi тұлғалар ерен еңбектерi үшiн ордендармен, медальдармен, Құрмет грамоталарымен, Социалистiк жарыс жүлдегерi белгiлерiмен марапатталған.

Көрме құжаттарымен көрмеге қатысушыларды архивист Виталий Клюкин таныстырды.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.07.2018 15:22

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»