Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жеңс күніне көрме

Жеңiс күнi қарсаңында Бурабай ауданы мемлекеттiк архивiнiң қызметкерлерiмен тарихи-өлкетану мұражайы базасында «Жеңiмпаздар рухына бағышталған» тақырыбына көрме ұйымдастырылды.

Бурабай ауданы мемлекеттiк архивiнде сақтаулы Бурабай ауданы Ұлы Отан Соғысы ардагерлерiнiң бүктеме түрiндегi фотоқұжаттары пайдаланылды. Көрме ересек адамдармен қатар, өскелең ұрпақ-колледж студенттерiнiң, мектеп оқушыларының да үлкен қызығушылығын тудырды. Iс-шара өскелең ұрпақты жеңiмпаз аталарымыздың ерлiгiн есте сақтауға және Отанға деген махаббатқа лайықты тәрбиелеуде белгiлi бiр үлесiн қосты.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.05.2017 16:45
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика