Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
«Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ ұжымы үшiн «Айырықша даталар күнтiзбесiн құрастыру бойынша әдiстемелiк ұсыныстар» тақырыбы бойынша аппараттық оқыту өткiзiлдi. Аппараттық сабақтың мақсаты архившiлердiң ой-өрiсiн кеңейтумен қатар бiр жылға арналған айырықша даталар күнтiзбесiн құрастыру барысында архивтiк құжаттар мен қосымша әдебиеттi толық көлемде пайдалану болып табылады. Сонымен қатар тақырып бойынша тәжiрибе жұмысы жүргiзiлдi.
Аппараттық сабақты жоғары санаттағы архившi Бибiгүл Адамбаева жүргiздi.