Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
2018 жылдың 9 айда 1348 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылды.
Щучинск қаласының индустриалды-педогогикалық техникумының 1954-1978 жылдардағы 184 сақтау бiрлiгi, Щучинск құс фабрикасының 1962-1994 жылдардағы 142 сақтау бiрлiгi, «Агротрейд» ЖШС-нiң 1994-2008 жылдардағы 11 сақтау бiрлiктерi, Борабай-курорт станциасы ауруханасының 1970-1996 жылдардағы 40 сақтау бiрлiктерi, Бурабай кентi әкiм аппаратының 117 сақтау бiрлiктерi, аудан әкiмi аппартының 460 сақтау бiрлiктерi,Щучинск қаласы әкiмi аппаратының 1990-2006 жылдарындағы 284 сақтау бiрлiктерi, Қатаркөл зооветтехникумының 1948-1984 жылдардағы 110 сақтау бiрлiктерi өңделдi.
Щучинск құс фабрикасының, «Агротрейд» ЖШС-нiң, Щучинск қаласының индустриалды-педогогикалық техникумының, Бурабай кентi әкiмi аппаратының, Аушахманов К.А. фото құжаттарының iс тiзiмдемелерi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК-мен бекiтiмiнен өткiзiлдi.
Солтүстiк-Қазақстан геологиялық-iздеу партиясының 1955-1989 жылдардағы 110 сақтау бiрлiктерi, Щучинск ауданының жөндеу кәсiпорны техникалық және агрохимиялық қызмет көрсету «Бурабай» комбинатының 1990-1996 жылдардағы 15 сақтау бiрлiгi, ЖҚБ ЖББ-1 120 сақтау бiрлiктерi, аудан маслихатының 1994-2003 жылдардағы 105 сақтау бiрлiктерi, ҚР қаржы және дамыту министiрлiгi қаржы комитетiнiң аймақтық департаментi Республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң 2009-2018 жылдардағы 65 сақтау бiрлiгi, Бурабай ауданы мемлекеттiк кiрiстер басқармасының 2000-2013 жылдардағы 115 сақтау бiрлiгi мемлекеттiк сақтауға қабылданды. Сондай ақ, ауданның ардақты тұрғындары Курманов Қайырлы Хамзинұлының және Аушахманов Кенжеболат Аушахманұлының фотоқұжаттары «Ардагерлер кеңесi» қорын толықтырды.
10000 сақтау бiрлiгi картондалды, iс-жүргiзу бойынша — 11, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша — 13 семинар, «Архив кеңес бередi» — 13, «Ашық есiктер күнi» — 3 акция өткiзiлдi, архив құжаттары бойынша 17 мақала жарық көрдi, көрме — 9, дөңгелек үстел — 9, және 7 — экскурсия өткiзiлдi.
Мекемелерге, ұйымдарға және кәсiпорындарға iс номенклатурасын, ведомствалық архивтерде ережелердi әзiрлеуде үнемi тәжiрибелiк көмектер көрсетiлiп отырады, сонымен қатар 2018 жылдың 9 айында 28 iс номенклатурасы және 5 ережелер жетiлдiрiлiп келiсiлдi.
Келiп түскен арыздар мерзiмiнде орындалды. Барлығы 2018 жылы 9 айдың iшiнде 1923 өтiнiш келiп түстi, оның iшiндегi әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы өтiнiштер саны — 1875, 46 — тақырыптық, 2 — генеологиялық өтiнiштер. Өтiнiштердiң 57 % оң шешiлдi.
Директор Ш. Бостамбаева