Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
«Архив кеңес бередi» акциясы аясында Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi «Атамекен» Кәсiпкерлер палатасының аудандық филиалында мемлекеттiк қызмет көрсету сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдау өткiздi.
Қабылдау барысында халық арасында «Архивтiк анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша ақпараттық — түсiндiрме жұмыстарын: мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаларын, электронды қызметтi және «электронды портал» жүйесi бойынша мемлекеттiк қызметтi алу мүмкiндiктерiн халыққа жариялау, жүгiнiс мерзiмiн қарастыру, Мемлекеттiк корпорация арқылы архивтiк анықтамаларды алу үшiн қандай құжаттар қажет екендiгiн халыққа түсiндiру және тағы басқа туындаған сұрақтарға жауап берiлдi.