AA

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің жерімізде болған қуғын-сүргінге ұшыраған ғалымдар

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өзiнiң алдына жас ұрпақтың бойында туған жерге деген махаббатты, тарихқа және тарихи-мәдени ескерткiштерге құрметпен қарауды тәрбиелеу мақсатын қояды. Ол жалпыұлттық патриотизм мен туған жерге деген сүйiспеншiлiктi қалыптастыруға бағытталған қоғамдық сананың жаңғыру бағдарламасының негiзгi бөлiгi болып табылады.

Аталған бағдарлама аясында қаладағы №3 мектепте Бурабай ауданы архивiнiң қызметкерлерi « Бiздiң жерiмiзде болған қуғын-сүргiнге ұшыраған ғалымдар» атты тақырыбында сабақ-лекция өткiздi. Кездесу Қазақстанда 31 мамырда атап өтiлетiн саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi өткiзiлдi. Iс-шара мектеп ұстаздары және жоғарғы сынып оқушылары арсында өттi.Архив меңгерушiсi Рауан Ержанов пен архившi Виталий Клюкин бұрынғы Кенес Одағы республикаларындағы саяси қуғын- сүргiн туралы; онын мәнi, себептерi мен салдары, жеке тарихи тұлғалар, халықтардың жер аударылуы жөнiнде әңгiме көп айтылды. Бiздiң Республикаға жер аударып келген халықтар такырыбы қозғалды. Ақиқатында Қазақстан, соның iшiнде бiздiң аймақ жүздеген, мыңдаған немiстер мен поляктар, шешендер мен ингуштар үшiн екiншi отан бола алды. Солардың ұрпақтары бүгiнде бiздiң мемлекетiмiздiң қалыптасуы мен өркендеуiне өз үлестерiн қосуда.

Соның жеке мысалы ретiнде ауданымыздың Құрметтi азаматы, әйгiлi ғалым, академик, этникалық немiс Эрвин Францевич Госсеннiң өмiрбаяны келтiрiлдi.Кездесуге қатысушылар оның ерте жылдары жайлы, отбасының Ресей жерiнен Қотыркөл ауылына жер аударылуы жайлы көптеген қызықты деректердi бiлдi. Оның техникумдағы оқуы туралы, болашақ ғалымның ауылшаруашылық ғылымына деген құштарлығы жайында, ғылыми мансабы, жетiстiктерi мен наградалары, соның iшiнде тәуелсiз Қазақстан басшысының қолынан алған наградалары жайлы мол ақпарат ұсынылды. Академик Госсеннiң өмiрi мен ғылыми жұмыстары туралы, оның өмiрбаянының негiзгi сәттерiн бейнелейтiн жеке фотоқұжаттар көрмесi қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар, мұғалiмдер мен оқушылар назарына қуғын-сүргiнге ұшыраған Бурабай техникумының бұрынғы ұстаздары туралы жеке iстер, қызметтiк мiнездемелер, өз қолымен жазған өмiрбаяндары сияқты құжаттар көрсетiлдi.Ол ғалымдардың арасында Альтергот Владимир Федорович, ғылым докторы, белгiлi биолог (этникалық немiс); Соловьева-Арендт Ольга Александровна, гидрогеолог, Саратов қаласында академик Н.В.Вавиловпен бiрге жұмыс iстеген (немiстiң жұбайы); Туроверов Константин Ипполитович, пушка құрастырушы, патша әскерiнiң подполковнигi (дворяндар өкiлi, патша әскерiнiң маманы).

Кездесу барысында ұстаздар мен оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кездесу өскелең ұрпақ үшiн өте табысты өттi.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.06.2019 14:30
© 2024. Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі