Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
«Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызмет бойынша мемлекеттiк архив мамандары «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Бурабай ауданы бөлiмшесi филиалының — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы Департаментi негiзiнде семинар өткiздi.
Семинарда «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қызмет көрсету тәртiбiмен қатар, бекiтiлген Стандартқа сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi жайлы да мәселелер қарастырылды. Сондай ақ «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi « электрондық үкiмет» арқылы алуға болатындығы туралы және азаматтардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмi сұрақтары көтерiлдi. Семинарға қатысушыларға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды.
Семинарды архившiлер Г.Дюсембаева мен С.Хамидуллина жүргiздi.