A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқыту семинары

Мемлекеттiк архив «Астанателеком» телекоммуникациялар Аймақтық дирекциясы техникалық қызмет көрсету Орталығының Щучье желi-техникалық цех қызметкерлерi арасында оқыту семинарын өткiздi. Ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттардың жою актiлерi және архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК ескертулерiн жою бойынша қолданылатын iс шаралар туралы ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылды.

«Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ архив қоймасының меңгерушiсi Иванова О.В. ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттарды жою актiсiнiң ретi бойынша: ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттар актiсiн дұрыс толтыру («қолы» деректемесiн, СК ұйымдарының келiсiлген белгiсiн ресiмдеу, СК жою актiсiмен келiсу туралы хаттамасының нөмiрi мен күнiн қою, датаны ауызша-сандық жолмен жазуды қолдану) жөнiнде түсiнiктеме бердi. Ведомстволық сақтау мерзiмi аяқталған құжаттардың жою актiлерiн жасаған кезде Типтiк ережелердi басшылыққа алу керектiгiне баса назар аударылды. Ортаға салған мәселе бойынша қызықтыратын сұрақтарға жауап берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 10.11.2017
Қаралым саны: 1779

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»