A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бурабай ауданы мемлекеттік архивінің 2017 жылдың 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспарын орындау туралы ЕСЕБІ

2017 жылдың 1 тоқсанында 350 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылды.

Қазандық және жылу желiлерi дирекциясының 1980-1998 жылдардағы 100 сақтау бiрлiгi, Щучинск бiрлескен шаруашылық есептегi тамақ комбинатының 1958-1977 жылдардағы 80 сақтау бiрлiгi, Златополье кендi емес құрылыс материалдары зауытының 1954-1997 жылдардағы 170 сақтау бiрлiктерi өңделдi.

Қазандық және жылу желiлерi дирекциясының iс тiзiмдемесi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК келiсiлдi.

Жойылған мектептердiң (Жарқайың, Культстан, Ново-Андреевка) 1964-2014 жылдардағы 67 сақтау бiрлiгi, № 1, 2, отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларының 2001-2005 жылдардағы 10 сақтау бiрлiктерi, Щучинск индустриалды педагогикалық техникумының 1967-1997 жылдардағы 2 сақтау бiрлiктерi деректiк материалдары, сондай ақ Болат Мәжитұлы Мұқановтың фотоқұжаттары сақтауға алынды.

Мекемелерге, ұйымдарға және кәсiпорындарға iс номенклатурасын, ведомствалық архивтерде ережелердi әзiрлеуде үнемi тәжiрибелiк көмектер көрсетiлiп отырады, сонымен қатар 2017 жылдың 1 тоқсанында 13 iс номенклатурасы жетiлдiрiлiп келiсiлдi.

Келiп түскен барлық өтiнiштер орындалды. 2017 жылдың 1 тоқсанында барлығы 506 өтiнiш келiп түстi, оның iшiндегi әлеуметтiк құқықтық сипаттағы өтiнiштер саны  — 481, 25 — тақырыптық, генеологиялық өтiнiштер болған жоқ. Өтiнiштердiң 51% оң шешiлдi.


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 17:55

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»