A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды өңдеу мәселелері бойынша семинар

Ауданда алдағы жылдары құжаттарын мемлекеттiк сақтауға тапсыруға тиiстi және құжаттарды құрастыру көзi болып табылатын мекеме мен ұйымдардағы ведомстволық архивке жауапты мамандар үшiн мемлекеттiк архив негiзiнде iс қағаздарын өңдеу мәселелерi бойынша семинар өттi. Семинардың мақсаты «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларына» сәйкес Ұлттық архив қорына құжаттарды өңдеп, жасау бойынша теориялық оқыту болып табылды. Сонымен қатар құжаттарды архивке тапсыру үшiн оны дайындау мен рәсiмдеу тәртiбi, құжаттарды қораптарға салу және аталмыш жұмыстарды жүргiзу үшiн қаржыландыру бойынша iс-шараларын ұыймдастыру сұрақтары ортаға салынды. Семинар барысында шақырылған мамандар iс қағаздарын әзiрлеу, құжаттарды мемлекеттiк архивке тапсыру жөнiнде көптеген сұрақтарға жауап алды. Семинарды архившi Сауле Байбурова жүргiздi.Тәжiрибелiк оқытуды техникалык қызметкер Татьяна Цуканова өткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 20.06.2019
Қаралым саны: 2163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»