A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттiк мұрағат, ЗТЖМО, Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы мамандарымен семинар-кеңес өткiзiлдi

2015 жылғы 27 қарашада мемлекеттiк мұрағат, ЗТЖМО, Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы мамандарымен семинар-кеңес өткiзiлдi. Аудандық әкiмдiктiң экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Г.А.Тналинова «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат» тақырыбымен сөз сөйледi, «Жасампаздық пен достықтың ширек ғасыры» тақырыбын аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi Я.В.Стерлигов ашты, «Нұр Отан» партиясының қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегi рөлi туралы «Нұр Отан» партиясының Бурабай филиалының бiрiншi орынбасары К.К.Өмiртаева әңгiмелеп бердi. Семинар-кеңестiң барысында мемлекеттiк архив, ЗТЖМО, Бурабай аудандық қазынашылық басқармасы жұмысшыларынан тұрған тыңдаушылар өздерiн қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Мақаланың шыққан күні: 27.11.2015
Қаралым саны: 2631

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»