A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік қызметтер бойынша семинар

Мемлекеттiк архив мамандары Бурабай ауданының Кәсiпкерлер палатасында семинар өткiздi. Оған қаладағы шағын және орта кәсiпкерлiк кәсiпорындарының басшылары мен менеджерлерi қатысты. Семинарда «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қызмет көрсету тәртiбiмен қатар, бекiтiлген Стандартқа сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi жайлы да мәселелер қарастырылды. Сондай ақ «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi « электрондық үкiмет» арқылы алуға болатындығы туралы және азаматтардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмi сұрақтары көтерiлдi. Семинарға қатысушыларға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды.

Семинарды архив директоры Ш. Бостамбаева мен архив қойма меңгерушiсi О. Иванова жүргiздi.

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2017
Қаралым саны: 1648

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»