A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архив анықтамасын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша семинар

25 қыркүйек күнi мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Архивтiк анықтамаларды беру» атты мемлекеттiк қызметiнiң мәселелерi бойынша семинар өткiздi. Аталмыш семинар темiр жол торабы кәсiпорын қызметкерлерi үшiн ұйымдастырылды. Семинар барысында «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметi бойынша қызмет көрсету тәртiбiмен қатар, бекiтiлген Стандартқа сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi жайлы да мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ «Архивтiк анықтамаларды беру» мемлекеттiк қызметтi «электрондық үкiмет» арқылы алуға болатындығы туралы және азаматтардың өтiнiштерiнiң қаралу мерзiмi сұрақтары көтерiлдi. Семинарды архив директоры Ш.Ә. Бостамбаева жүргiздi.

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2020
Қаралым саны: 1473

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»