A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Халықаралық бағдарлама шенберінде

Ұйымдар мен мекемелер арасында ақпарат алысу халықаралық бағдарлама шенберiнде осы жылдың қыркүйек айында Бурабай ауданының архивiне Ресей Федерациясының Коломенский мемлекеттiк социалды — гуманитарлық университетiнен тематикалық сұрау келiп түстi. Университет директоры доцент Н.С. Ватник Мәскеу губерниясындағы Коломнада Седлактар отбасының өкiлдерiнiң қызметiне және өмiрiне қатысты мәдениеттiк және ғылыми-зетттеулiк iс-шаралар өткiзуiне байланысты Бурабай орман техникумының бiрiншi директоры Евгений Иосифович Седлакқа қатысты бар мәлiметтердi ұсынуды сұрады. Бурабай ауылшаруашылық техникумының архивтiк құжаттар қорында Е.И. Седлактың жеке iсi, бұдан басқа, бұл адам туралы толық мәлiмет беретiн бiрегей материал — автордың өмiрiн толық сипаттайтын 1930 жылдың қолжазбалық өмiрбаяны табылды. Университет мекен-жайына почта арқылы қолда бар барлық құжаттардың көшiрмелерi жiберiлдi, ал қараша айының басында архив басшысына және архившi В.Д. Клюкинге Н. Ватниктiң атынан архив электрондық адресiне алғыс сөздерi келiп түстi. Ресей тарихшысы алынған ақпараттардың әйгiлi отбасының мұрасын зерттеуде зор үлесiн қосатынын, бұл құжаттардың Коломна халықтық бiлiм беру музейiнде және өлке тану музейiнде лайықты орын алатынын айтты.

Мақаланың шыққан күні: 22.11.2017
Қаралым саны: 2031

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»