A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Рухани жаңғыру бағдарламасының екінші жобасы «Өлке тарихы – ел тарихы»

2019 жылдың 10 қыркүйегiнде Щучинск қаласының аудандық мәдениет үйiнiң ғимаратында Облыстық мұрағат мамандары Бурабай ауданының мемлекеттiк мұрағатының мұрағатшыларымен бiрге, 1991 жылдан бастап Тәуелсiз Қазақстан мен бүгiнгi күнге дейiнгi оқиғаларды қамтитын қазiргi Ақмола облысының тарихына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екiншi жобасы «Өлке тарихы — ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрме өткiздi. Әр ауданда — мәдениет пен өнер, тарих, спорт, шаруашылық және өнеркәсiп салаларындағы осы өңiрдiң негiзгi жетiстiктерiн сипаттайтын 20 фотосуреттермен роллап ұсынды. Көрме салтанатты түрде ашылды. Көрменiң ашылуында Щучинск қаласының әкiмi Б.С. Махметов сөз сөйледi. Көрмеге бiр жарым мыңнан астам адам қатысты, олардың iшiнде мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерi, жоғары сынып оқушылары мен колледждердiң студенттерi.

Мақаланың шыққан күні: 10.09.2019
Қаралым саны: 2002

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»