A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдығына көрме

«Туған жер» бағдарламасы шеңберiнде Конституция күнi қарсаңында Бурбай ауданының мемлекеттiк архивi Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми зерттеу институтының 60 жылдығына орай көрме ұйымдастырды. Елiмiзден тыс жерге аты әйгiлi Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми зерттеу институты 1957 ұйымдастырылған. 1959 жылға дейiн ол Алматы қаласында орналасты, содан кейiн Щучинск қаласына көшiрiлдi, осылайша зерттелетiн негiзгi нысандарға жақындастырылды. Қазiргi таңда кәсiпорынның ұйымдастырушылық құрылымына Щучинск қаласы бас кәсiпорыны, Алматы, Алтай және Батыс Қазақстандық — үш филиал кiредi.

Институттың негiзгi маңызды тапсырмасы — ормандағы өсiмдiк дүниесiн сақтау және көбейту, адам тiршiлiгiнде орман көшеттерiн пайдаланудың жаңа мүмкiндiктерiмен қамтамасыз ету. Институттың зерттелетiн нысандары болып Қазақстанның әр түрлi өңiрiнде өсетiн, соның iшiнде экологиялық апатты аймақтарды қоса алғанда (оңтүстiк Балқаш, Арал теңiзiнiң түбiндегi құрғап қалған жерлерi) табиғи және жасанды орман көшеттерi сондай ақ агроорман мелиорациялық және көгалдандыратын көшеттер болып табылады. Болашақ ұрпақ үшiн ормандағы өсiмдiк дүниесiн сақтау, адам тiршiлiгiнде орман көшеттерiн пайдаланудың жаңа мүмкiндiктерiмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгiн осы бағытта академик Болат Мәжитұлы Мұқановтың басшылығымен ғалымдар ұжымы мен мамандары жұмыс жасауда.

Көрмеде Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми зерттеу институтының еңбек ардагерлерiмен қатар жастардың да қызығушылығын туғызған институттың қызметiн дәлелдейтiн суреттер мен басқа да құжаттар ұсынылды.

Мақаланың шыққан күні: 23.08.2017
Қаралым саны: 2545

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»