A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қымбатты жерлестер!

Сiздердi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» КММ сайтында көргенiмiзге қуаныштымыз. Мұрағаттық құжаттар — олар өз уақытының объективтi куәгерлерi. Мемлекеттiк архив барлық Бурабай ауданының және Щучинск қаласының кәсiпорындары мен ұйымдарының құжаттарын сақтайды.

Бiз мемлекеттiк архивте сақталатын құжаттар бойынша "Мұрағат анықтамаларын беру" мемлекеттiк қызметiн жеке және заңды тұлғаларға көрсетемiз: жұмыс өтiлiн, жалақы мөлшерiн растау, ұйым атауының өзгеруi немесе қайта құрылуы және басқа да сұранымдар. Ұйымдар мен кәсiпорындарға iс жүргiзу мәселелерi бойынша кеңестер беремiз.

Бұл сайт архивтiк iстiң сiздердi қызықтыратын мәселелер бойынша ыңғайлы, уақытылы және қолжетiмдi ақпарат алу үшiн ашылған. Бiздiң парқшамызға кiре отырып сiздер архив — тек қана баға жетпес деректi өткенiмiздi сақтайтын орын ғана емес, сондай ақ зор даму процесi жүрiп жатқан орын екенiн бiле аласыздар. Сайттан жаңалықтармен таныса аласыздар, архивте сақталатын құжаттар, мекеме туралы, жұмыс бағыты және архивтiң жетiстiктерi туралы мейiлiнше толық ақпарат ала аласыздар деп ойлаймыз. Архивтiң ресми web-сайты сiздiң сенiмдi көмекшiңiз және ақпарат көзi бола алады деген сенiмдемiн.


Құрметпен мемлекеттiк архив директоры Б. Адамбаева.

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»