A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архив кеңес бередi» акциясы

Мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Архив кеңес бередi» атты акциясын «Архей» және «Аксоран» сауда үйлерiнде өткiздi. Архив қойма меңгерушiсi Р.Ержанов пен архившi М.Дәулетхан мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаларын, электронды қызметтi және «электронды портал» жүйесi бойынша мемлекеттiк қызметтi алу мүмкiндiктерiн халыққа жариялау, жүгiнiс мерзiмiн қарастыру, Мемлекеттiк корпорация арқылы архивтiк анықтамаларды алу үшiн қандай құжаттар қажет екендiгiн халыққа түсiндiру және тағы басқа туындаған сұрақтарға жауап берiп, ақпараттық — түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi. Акцияға қатысушыларға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды.

Мақаланың шыққан күні: 30.10.2018
Қаралым саны: 1368

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»