A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Архив күні» акциясы Кенесары селолық округінде өтті

Кенесары селолық округiнде «Селолық округтегi архив күнi» атты акциясы шеңберiнде тағы бiр кездесу өттi. Кездесу Кенесары, Баянбай, Брусиловка ауылы өкiлдерiнiң қатысуымен болып өттi. Акция барысында екi оқыту семинары өткiзiлдi: ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн және «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша. Сонымен қатар Ұлттық архив қорын толтыру мәселелерi бойынша кездесулер өткiзiлдi. Акция соңында «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.

Акция барысында Ұлттық архив қорын толықтыру үшiн селолық округ бойынша бекiтiлген мерзiмде сақталынатын iстерден басқа 202 iс «Кенесары селолық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-ң, және т.б. тұрақты сақталатын iс тапсырылуы тиiс. Сөз 2003 жылдан бергi құжаттар жөнiнде болып отыр, олар негiзгi қызмет бойынша құжаттар, шешiм, өкiм, жоспар, есептер, шаруашылық кiтаптар және сол сияқты құжаттар. Аталмыш кемшiлiктердi жою және әдiстемелiк- практикалық көмек беру мақсатында ұйым, кәсiпорын басшылары мен iс қағаздарын жүргiзуге, ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты тұлғалар үшiн «ҚР Ұлттық қоры құжаттарының сақталуы мен қалыптастыруы жөнiнде» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткiздi. Сонымен қатар селолық округ әкiмi аппаратының ведомстволық архивтердегi iс қағаздарын жүргiзу мәселелерi бойынша жауапты мамандар үшiн практикалық оқыту да ұйымдастырылды.

Архив мамандары «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттiк қызметi бойынша селолык округ ммандары мен шақырылған азаматтар үшiн оқыту семинарын өткiздi. Және акция барысында көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет бойынша азаматтарға жеке қабылдау- кеңестер бердi. Кеңес беру барысында ауылдық округтiң тұрғындары қызметтi қалай алуға болады, мемлекеттiк қызметтiң мерзiмi, мұрағаттық анықтамаларды Мемлекеттiк корпорация арқылы, www.egov.kz арқылы алу үшiн қандай құжаттар қажет деген сияқты бiрқатар сұрақтарға жауап алды.

Кеңес алушыларға мемлекеттiк және орыс тiлiндегi «Электронды үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдеуге мүмкiндiк бередi», «Мұрағат анықтамаларын қалай алуға болады» деген жадынамалар таратылды.

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2017
Қаралым саны: 1802

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»