A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік қызмет бойынша кеңес беру акциясы

Архив қойма меңгерушiсi Рауан Ержанов пен архившi Мәдина Дәулетхан «Архив кеңес бередi» атты акциясын Халыққа қызмет көрсету орталығына келушi азаматтар арасында өткiздi. Мемлекеттiк архив қызметкерлерi «Архивтiк анықтамалар беру» атты мемлекеттiк қызмет көрсетудiң негiзгi қағидаларын, электронды қызметтi және «электронды портал» жүйесi бойынша мемлекеттiк қызметтi алу мүмкiндiктерiн халыққа жариялау, Мемлекеттiк корпорация арқылы архивтiк анықтамаларды алу үшiн қандай құжаттар қажет екендiгiн халыққа түсiндiру және тағы басқа туындаған сұрақтарға жауап берiп, ақпараттық — түсiндiрме жұмыстарын жүргiздi. Акцияға қатысушыларға мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде «Электрондық үкiмет порталы Сiздiң уақытыңызды үнемдейдi» және «Архивтiк анықтаманы қалай алуға болады» атты жадынамалар таратылды. Барлық қойылған сұрақтарға жауап берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 31.10.2018
Қаралым саны: 2163

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сопровождение сайта: «Компания ИНТЕГРО»