A- A A+
Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бурабай ауданы мемлекеттік архивінің 2017 жылдың 1 жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын орындау туралы Есебі

2017 жылдың 1 жарты жылдығында 700 сақтау бiрлiгiнiң физикалық жай-күйi жақсартылды.

Қазандық және жылу желiлерi дирекциясының 1980-1998 жылдардағы 100 сақтау бiрлiгi, Щучинск бiрлескен шаруашылық есептегi тамақ комбинатының 1958-1982 жылдардағы 105 сақтау бiрлiгi, Златополье кендi емес құрылыс материалдары зауытының 1954-1997 жылдардағы 303 сақтау бiрлiктерi, «Неруд» АҚ 1994-1997 жылдардағы 52 сақтау бiрлiктерi, Ұрымқай жануарлар әлемi мен орманды қорғау ММ 1939-2005 жылдардағы 140 сақтау бiрлiктерi өңделдi.

Қазандық және жылу желiлерi дирекциясының, Златополье кендi емес құрылыс материалдары зауытының, «Неруд» АҚ, «Аграрий» ЖШС, «Золотой колос» Сауықтыру орталығы» ЖШС, «№ 16 жөндеу құрылыс басқармасы» ЖШС iс тiзiмдемелерi Ақмола облысының архивтер мен құжаттамалар басқармасының СТӘК мақұлданды.

Жойылған мектептердiң (Жарқайың, Культстан, Ново-Андреевка) 1964-2014 жылдардағы 67 сақтау бiрлiгi, қайта құрылған № 1, № 2 отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларының 2001-2005 жылдардағы 10 сақтау бiрлiктерi, Щучинск индустриалды педагогикалық техникумының 1967-1997 жылдардағы 10 сақтау бiрлiктерi, қазандық және жылу желiлерi дирекциясының 1980-1998 жылдардағы 33 сақтау бiрлiгi, «Бурабай ауданының мемлекеттiк архивi» ММ 2010-2012 жылдардағы 59 сақтау бiрлiгi, «№ 16 жөндеу құрылыс басқармасы» ЖШС 1993-2015 жылдардағы 156 сақтау бiрлiгi, «Аграрий» ЖШС 1999-2012 жылдардағы 54 сақтау бiрлiгi, «Золотой колос» Сауықтыру орталығы» ЖШС 2004-2016 жылдардағы 64 сақтау бiрлiгi, Златополье кендi емес құрылыс материалдары зауытының 1954-1994 жылдардағы 102 сақтау бiрлiгi, «Неруд» АҚ 1994-1997 жылдардағы 52 сақтау бiрлiгi деректiк материалдары, сондай ақ Болат Мәжитұлы Мұқановтың фотоқұжаттары, 25 сақтау бiрлiгi қабылданды.

Ұйым және кәсiпорын басшылары үшiн ҚР ҰАҚ сақталушылығы мен қалыптастыруы бойынша 1 семинар, мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелер ведомстволарының iс қағаздарын жүргiзушiлермен 2 оқыту семинары өткiзiлдi.

6 және 7 маусымда аудандық «Нұр Отан» Партиясының филиалы мен ХҚКО негiзiнде «Архив кеңес бередi» акциясы өткiзiлдi. «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қызметкерлерiмен 3 семинар-кеңес өткiзiлдi. «ҚР Мемлекеттiк рәмiздерiне — 25 жыл» тақырыбы бойынша аппараттық сабақ өткiзiлдi.

2017 жылдың 18 мамырындағы «Бурабай» газетiнде архившi Б. Адамбаеваның «Жеңiмпаздар рухына» атты, архив қоймасының меңгерушiсi О. Иванованың «Семинар-тәжiрибе алмасу сабағы» атты, 2017 жылдың 1 маусымында архившi Д. Нұртазинаның «Қазақстан — менiң екiншi Отаным» атты, 2017 жылдың 1 маусымында «Луч» газетiнде архившi Д. Нұртазинаның «Казахстан- моя вторая Родина» , «Архивтiк анықтамаларды беру», 2017 жылдың 8 маусымында «Бурабай» газетiнде директор Ш. Бостамбаеваның «Балалардың күлкiсi — ол шынайы бақыт», «Стабильная» газетiнде «О прошлом — для настоящего и будущего», 2017 жылдың 15 маусымында «Бурабай» газетiнде директор Ш. Бостамбаеваның «Өткенiмiз туралы — болашағымыз бен бүгiнiмiз үшiн», «Луч» газетiнде «Счастье в детских улыбках» атты мақалалары жарық көрдi.

Тарихи — өлкетану мұражайында «Наурыз», 9 мамыр мерекесiне орай «Жеңiмпаздар рухына», Халықаралық архивтер күнiне орай аудандық «Нұр Отан» Партиясының филиалының конференц залында «Өткенiмiз туралы — болашағымыз бен бүгiнiмiз үшiн» атты аудан архивiнiң құрылу тарихы мен қызметi туралы көрме ұйымдастырылды.

31 мамырда педагогикалық колледждiң негiзiнде «Қазақстан — менiң екiншi Отаным» атты баяндама– сабақ өткiзiлдi. Колледж студенттерi үшiн «Архив студенттер үшiн» экскурсиясы ұйымдастырылды.

Мемлекеттiк архив ұжымы бiрқатар әлеметтiк — елеулi iс шараларға қатысты: «ҚР мемлекеттiк рәмiздерiне 25 жыл», облыстық «Нұр Отан» Партиясы филиалының өкiлдерiмен жемқорлыққа қарсы саясатты түсiндiру бойынша кездесуге, «Ұлы Жеңiстiң 72 жылдығы» митингiсiне, Халықаралық балаларды қорғау күнiне орай өткен қайырымдылық акциясына, «Щучинскiнiң қайырымды жүректерi» қайырымдылық марафонына, «Таза қала» экологиялық акциясына.

Кәсiптiк шеберлiгiн арттыру мақсатында директор мен архив қоймасының меңгерушiсi облыстық мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғарылату институтында оқып келдi.

Мекемелерге, ұйымдарға және кәсiпорындарға iс номенклатурасын, ведомствалық архивтерде ережелердi әзiрлеуде үнемi тәжiрибелiк көмектер көрсетiлiп отырады, сонымен қатар 2017 жылдың 1 жарты жылдығында 21 iс номенклатурасы жетiлдiрiлiп келiсiлдi

Келiп түскен барлық өтiнiштер мерзiмiнде орындалды. 2017 жылдың 1 жарты жылдығында барлығы 1261 өтiнiш келiп түстi, оның iшiндегi әлеуметтiк құқықтық сипаттағы өтiнiштер саны  — 1196, 64 — тақырыптық, 1 — генеологиялық өтiнiштер. Өтiнiштердiң 57,2 % оң шешiлдi.

Директор                                                                                                               Ш. Бостамбаева


Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2017 17:23

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2024 Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының «Бурабай ауданының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Яндекс.Метрика
Сайтты сүйемелдеу: «Интегро компаниясы»